Отан алдындағы борышын өтеп, от кешкен ұлдар ұмыт болған емес. Павлодарда ауған соғысының ардагерлері марапатталды. Алдағы сюжетте толығырақ.
Биыл кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Айтулы күнге орай облыс орталығында полиция департаменті Ауған соғысына қатысқан азаматтарды үлықтады.
Салтанатты шарада 12 жауынгерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлер көрсетілген құрмет үшін жиналған қауымға алыс білдірді.
Шара патриоттық әндер шырқалған коцерттік бағдарламаға ұласты.
Ақмаржан Қалымбек, Анастасия Ерш