Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясының екінші кезеңі өтті. Оның аясында Павлодар облысының жастары, еріктілер Баянауыл ауданындағы бұлақтың көзін ашып, аумағын тазартты. 

 «Мөлдір бұлақ» акциясының бірінші кезеңі көктемде наурыз айында өтті. 10 мыңға жуық азамат бір күнде 30-дан астам бұлақтың көзін ашып, тазалады. Енді екінші кезең еліміздің түкпір түкпірінде ұйымдастырылды. Баянауылдағы ауқымды экоакцияға ҚР су ресурстары мен ирригация министрі Нұржан Нұржігітов те қатысты. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР су ресурстары және ирригация министрі

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалпы қоғамның ішінде суды үнемдеу, мәдениетті қалыптастыру тапсырмасы бар. Бүкіл мектептерде былтырғы жылдан бастап жастармен кездесіп, суды қалай үнемдеу керек, дәрістер айтып жүр. 3500 адам экосағаттарға қатысты. 

Акцияның мақсаты – ел азаматтарын, жастардың табиғатқа көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау мәдениет қалыптастыру. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Мемлекет басшысының тұжырымдамасы аясында Павлодар халқы да қатысуда. Біздің өңірде 40 тан астам саябақ жаңғыртылып, көлдер мен өзендердің жағалаулары тазаланды. ол жерде кешенді абаттандыру жұмыстары атқарылды. Сапалы деңгейде қалыптастыру жасалған жоба. «Таза Қазақстан» қоқыстан құтылу емес, мәдениетті қалыптастыру, сана сезімді ояту. Себебі бәрі де тазалықтан басталады. бәрімізде өзімізден бастау керекпіз. 

Жыл басынан бері Павлодар облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде 18 бұлақ тазартылып, шамамен 80 тонна қоқыс шығарылды. Осы жолы Баянауыл ауданындағы Кастзавод бұлағы. Елдімекен тұрғындары кезінде бұл жерде тері зауыты болғанын айтып отыр.    

Серік Искаков, Баянауыл ауданының тұрғыны

Жас мамандар, жас түлектер Баянауыл жеріне келіп, ең үлкен бұлақты тазалап жатқанына рахмет айтқым келеді. Ертең ойларында қалады. Бір бірімен араласып, бұлақтың суы тері былғайтын зауыт болды деп. Бірсыпыра жұмыс істеген. Осы бұлақ жанымызға жақын. Осы жерде ойнап, жүріп, жастарымыз тазалап жатыр. Бірден жетіп келдім. 

Тазалық жұмыстарына еріктілер, жастар, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындары қатысты.

Русана Сулаймонова, «Жасыл ел» Павлодар облыстық жасағының жетекшісі

Бүгін біз Баянауыл баурайында «Таза Қазақстан» акциясы аясында акция өткізіп жатырмыз. Бұл экологиялық бастама су көздерін тазалау, қорғау, бұлақтар мен өзен көлдерін тазалығын сақтау, жүйелі жұмыс жалғасуда. Су тіршіліктің қайнар көзі дейді ғой. Әрбір азаматтың ортақ міндеті. 

Нұрайлым Мисадат, «Жасыл ел» Баянауыл ауданы жасағының маманы

Біз бүгін бұлақтың көзін ашып, біздің жастар атынан өз үлесімізді қостық. Барлығымыздың атынан бір көмек болды. Сондықтан жастарға үлгі болатындай көмек көрсеттік деп санаймын. 

Қазақта «Бұлақ көрсең көзің аш» дейді. Бұл күні ел бойынша 58 бұлақ пен су 30 айдыны тазартылып, аумағы абаттандырылды. 13 мыңнан астам адам қатысты. 

 «Таза Қазақстан» 2024 жылы басталды. Экологиялық тұжырымдаманың мәні мен мағынасы тереңде, бұл жан-жақты тазартып қана қою емес, бұл қоршаған ортаға жанашырлық таныту, жақсы көру. 


Самал Қалиқызы