23 тамызда құрылтай депутаттарын сайлауы өтеді. Осыған орай облыстың қала мен аудан әкімдіктерінде колл-орталықтар жұмысын бастады. Азаматтар өз сайлау учаскелерін содан біледі алады. 


Сайлау науқаны кезінде азаматтарда түрлі сұрақтар туындауы мүмкін. Бұл ретте колл орталықтар жұмысын бастады. 

Еркебұлан Тезекбаев, Павлодар облысы әкімдігі ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімінің басшысы

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының құрылтай депутаттарын сайлауы өтеді. Облыстың барлық қала мен аудан әкімдіктерінде колл орталықтар жұмыс істей бастады. Олардың телефон нөмірлері әкімдік сайттарында жазылған. Ол жерден немесе жазылған ватсап нөмірлеріне өздерінің жеке мәліметтерін жіберіп азаматтар сайлау учаскелерін біле алады. Күн сайын орталықтар 09.00-18.30 дейін, ал демалыс күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. 7 тамызда азаматтар сайлау учаскелерінде өздерін тексере алады. 

Осы ретте сіздерге қала мен аудан әкімдіктерінде жұмыс істейтін колл орталықтардың нөмірлерін ұсынамыз. 



Самал Қалиқызы