Конституцияның жаңа редакциясы әрбір қазақстандықтың өміріне тікелей қатысты маңызды мәселелерді қамтиды. Павлодар жастарының пікірінше, бүгінде жеке деректерді қорғау, авторлық құқық пен қоршаған ортаны сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие.
Қазіргі жастардың басым бөлігі уақытын цифрлық кеңістікте өткізеді. Әлеуметтік желілер, онлайн қызметтер мен мобильді қосымшалар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күннің маңызды талаптарының бірі.
Ризат Рахимжанов, Торайғыров университетінің жастар саясаты мен әлеуметтік сұрақтар бойынша департамент директоры
Менің ойымша жаңа Конституция ол заман талабы. Жастар жеке мәліметтерді қорғау пунктіне қызығушылық танытып отыр деп ойлаймын. Себебі біз жастар әлеуметтік желіні өте белсенді пайдаланамыз, жиі өзіміз туралы ақпараттарды қалдырып жатамыз. Жеке мәліметтерді сақтау өте өзекті қазіргі таңда. Әсіресе ересек адамдар үшін пайдалы, себебі соңғы кезде алаяқтар қатары артып кетті жәнеолар жиі алданып жатады. Ақпараттарды сақтау, қорғау мақсатында біраз жұмыстар жасалып жатқаны қуантады.
Жастар авторлық құқықты қорғау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды да маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Бұл қағидалар шығармашылық бастамаларды қолдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, елдің болашағына деген жауапкершілік әрбір азаматтан басталатынын айқындайды.
Самал Қалиқызы