Павлодардағы ескі көпір бұзылмай, қала тұрғындары үшін демалыс орнына айналуы мүмкін. Ал, Достық ауданында Конгрес холл мен мұз айдыны бой көтереді. Бұл туралы Премьер министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар қаласын аралаған кезде айтылды. 


Павлодар қаласында жылу желілерін қайта жаңарту бойынша қазір екі жоба жүзеге асып жатыр. Бірі Шөкин-Назарбаев-Жаяу Мұса-Мақатаев –Сәтпаев көшелерін қамтиды. Екінші жоба Усолка мөлтек ауданында жүзеге асып жатыр. 

Бұдан бөлек, премьер-министрдің бірінші орынбасарына Қазақстан электролиз зауытында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. 

Ал бұл - Достық шағын ауданы. Мында алдағы уақытта балабақшалар салынып, спорт кешендері бой көтеретін болды. Қала әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.  

Ауданда салынатын салтанат сарайы, мұз айдыны мен Конгресс холдың қазір жобалық жұмыстары жасалып жатыр. Павлодарда жалпы 20 мың тұрғын баспанаға кезекте тұр. Биыл 700 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр, деді әкім.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары «Мұнай химия зауытына» барды. Онда инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Бұдан бөлек, Павлодарда жүзеге асып жатқан маңызды ірі жобалардың бірі жаңа көпір құрылысы да Нұрлыбек Нәлібаевқа көрсетілді. Жаңа нысан келер жылдың ортасында толық қолданысқа беріледі. 

Көкейдегі сұрақ, ескі көпірдің тағдыры. Оны бұзбай, халық игілігі үшін пайдалану ұсынысы енгізілді.

Келесі кезекте облыс орталығындағы әуежайдың құрылыс барысы көрсетілді. Бұл жерде түсіндіріп өту керек, әуежайдың ғимараты емес, ұшып-қону жолағы жөнделіп жатыр.    

Жұмыс сапары соңында әкімдікте премьер министрдің бірінші орынбасарының қатысуымен энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетті нығайту тақырыбында жиын өтті. 

Сонымен, ПРемьер министрдің бірінші орынбасары 1 жарым ай ішінде жұмысты күшейтіп, жылу желілерін, жылу электр орталықтарындағы жұмыстардың барлығын тездетіп аяқтауды тапсырды. 1 қыркүйекте сақадай сай болып, қысқа дайын отырайық деді. 


Самал Қалиқызы