Ата заң елдегі тұрақтылық пен әр азаматтың құқықтарын айқындайтын негізгі құжат. Конституцияда бекітілген құқықтар мен кепілдіктердің қатарында жастардың сапалы білім алып, өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік беретін нормалар да бар. Бұл қағидалардың маңызын тұрғындар да ерекше атап өтті.
Гүлжанат Нұранова, Веселая роща ЖОББ мектебінің шағын орталығының тәрбиешісі
Менің ойымша жаңа Конституция жастар үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Ең бастысы сапалы әрі қолжетіміді білім алуға, өз қабілетін дамытуға және тң мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасалады. Білімді жастар еліміздің болашағы. Сондықтан бұл өзгерістер жастардың жан-жақты дамуына, өз елінің дамуына үлкен үлес қосып, білікті маман болып қалыптасуна оң әсер етеді деп ойлаймын.