Қауіп төнген сәтте көмекке дер кезінде хабарласу ең маңызды әрекет. Осындай жағдайда уақыт жоғалтпай полициямен байланысуға мүмкіндік беретін SOS батырмалары Павлодар облысында бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Төтенше жағдайға арналған терминалдар қалай жұмыс істейді? Тілшіміз тарқатады.


Сабина Жолдаспаева, тілші

Бұл SOS жедел көмек батырмасы. Қауіп төнген жағдайда осы түймені басу жеткілікті. Бірнеше секунд ішінде Жедел басқару орталығының операторы байланысқа шығып, жағдайды нақтылап, қажетті қызметтерді оқиға орнына жібереді. Жыл басынан бері Павлодар облысында бұл терминалдың көмегіне 20 адам жүгінген. 

Өңірдегі адам көп шоғырланатын орындарда барлығы 38 SOS терминалы орнатылған. Олар бейнекамерамен, дауыс байланысы құрылғысымен және тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс жүйесімен жабдықталған.


Сабина Жолдаспаева