Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар көркемсурет колледжінің есеп беру көрмесінің ашылуы өтті. Өнер галареясындағы туындылар жайлы алдағы сюжетте.

Павлодар көркемсурет колледжі жылдар сайын білікті интерьер, графикалық, өнеркәсіптік дизайн мамандарын дайындап келеді. Әрі студенттер түрлі байқауларда топ жарады. Биылғы есеп беру көрмесі «Қазақ елінің жер қойнауынан» деп аталды. Бұл академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.

Көрмеде 30-ға жуық автордың 60 шақты картиналары қойылған. Экспозицияда кескіндеме, сурет, арнайы сурет; арнайы технологиялар; графикалық дизайндағы жобалау; интерьер дизайнындағы жобалау бойынша үздік жұмыстар ұсынылды.

АҚБОТА СЕРІКБАЙ, КӨРКЕМСУРЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ 3-КУРС СТУДЕНТІ

Жұмысым графиронды матаға шығару. Бірінші біз эскиз жасадық, сосын сол эскизді линолеумға салдық. Сосын арнайы пышақтармен линолеумды қырдық, дайын линолеумдағы графиронды оттиск арқылы футболкаға жапыстырдық

Павлодар көркемсурет колледжінің есеп беру көрмесін қала тұрғындары мен қонақтары осы айдың соңына дейін тамашалай алады.

Қымбат Садық