Енді Ақсу қаласының тұрғындары құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органдарға мобильді қосымша арқылы тікелей хабарлай алады. Және сол үшін қосымша бонустар жинап, оны супермаркеттердегі жеңілдіктерге және қоғамдық көлік билеттеріне жұмсауға болады. Ал ең белсенді пайдаланушыларға ақшалай сыйақы беріледі.
Әзірге «Halyq Tumary» жобасы тек Ақсу қаласында іске асуда. Кейін оны республика бойынша кеңейту жоспарда бар. Мобильді қосымша азаматтарға құқық бұзушылық туралы уәкілетті органдарға дереу хабарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері негізінде қала тұрғындарының барлық шағымдарының виртуалды картасы жасалады.
ДЕНИС ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұл не үшін іске асып жатыр? Ең әуелі уәкілетті мекемелер жағдайдан дереу хабардар болу үшін. Мәселен, былтыр Екібастұз қаласында оқиға болды. Сондай жағдайда тұрғындар өз аудандарындағы жағдайды хабарлай алады. Бір ауданнан көптеген шағымдар түссе, сол аумақта шынымен де мәселе бар екендігін білуге болады.
Қазіргі уақытта бағдарлама тестілік режимде жұмыс істейді. Шағымдарды мемлекеттік кірістер департаментіне, СЭС-ке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ішкі істер органдарына беруге болады. Қосымша функционалдығы бойынша әлеуметтік желігі ұқсас. Бейне жазуды немесе фотосуреттерді қажет етеді. Сондай-ақ шағымды толықтыру үшін пікірлер қалдыра аласыз. Ең белсенді пайдаланушылар үшін бонустық сыйақы жүйесі қарастырылған.
ДЕНИС ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Ақсу қаласы бойынша ірі сауда желілерімен меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар, фитнес клуб, бассеин, автобус парктерімен келісім бар. Жинаған ұпайларын сауда барысыныда жеңілдік ретінде қолдана алады.
Сатып алуға жеңілдіктер мен түрлі бонустардан басқа, ақшалай сыйақылар да қарастырылған. Барлық ынталандырулар сыйлықтары тек ЖСН арқылы ресми тіркелген пайдаланушыларға ғана қолжетімді болады.
ДЕНИС ӨТЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар, қосымшамызда ашық түрде ең белсенді қолданушылардың реитингі жүргізілетін болады. Осылайша уәкілетті мекемелер белсенді қолданушыларды тоқсан сайын, жарты жылда немес жыл сайын марапаттайды.... премировать
Жобаның негізгі мақсаты – қылмысты азайту, халықты құқық бұзушылықтың алдын алуға белсенді тарту және қоғамда бұзушылыққа деген «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру. Сынақ жұмысын аяқтап, алынған нәтижелерді саралай келе, өтінімді облыстың басқа аймақтарында енгізу жоспарлануда.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров