Қасиетті рамазан айы табалдырықты аттауға жақын. Наурыз айының он бірі күні еліміздегі барша мұсылман қауым отыз күн ораза тұтады. Толығырақ Алдағы сюжетте.
Орталық Азия елдірінің мүфтияттары бірлесе отырып, рамазан айының алғашқы күні 11-наурыз деп бекітті. Осы уақыт аралығында барша мұсылман қауым ораза тұтып, пітір садақаларын өткізеді. Осы айда Исламның бес парызының бірін орындап, ауыз бекіткен адам пендешілік пиғылдан арылып, ішкі жан-дүниесін тазартады. Ауызды астан ғана емес, жаман сөздерден тыйса, көзі мен құлағын харам нәрсені есту мен көруден тыяды.
Облыста жалпы 104 мешіт рамазана айын қарсы алуға дайын. Мұсылман, балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс адамдардың барлығы ораза ұстау парыз саналады. Ал бұл парыздан кімдер босатылады?
Айта кетейік, биылғы пітір садақа мөлшері 640 теңге болып бекітілді. Ол Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Ал Қадір түні сәуір айының 5-нен 6-сына қараған түні. Ал Ораза Айт мерекесі 10 сәуір болады.
Қымбат Садық