«Ertis» музейінде қазақ зиялыларының жарқын өкілдерінің бірі Жүсіпбек Аймауытовқа арналған «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» диалог алаңы өтті. Онда ғұлама тұлғаның еңбектеріне шолу жасалды.
Биыл қазақ әдебиетіндегі роман мен драма жанрының негізін қалаушысы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойы тойланады. Осыған орай «Ertis» мультимедиялық музейі қазақтың көрнекті жазушысының еңбектерінен көрме ұйымдастырды.
Кеште қазақ мәдени-ағартушылық және қоғамдық ойының дамуына баға жетпес үлес қосқан жазушының еңбектеріне шолу жасалды. Осындай шараларға музей қызметі ерекше басымдық беруде.
ДИНАРА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Ертіс музейімен бірлесіп Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай шара өткіздік. Ертіс-Баян өңірінде танымал әрі ғұлама жазушылар дүниеге келген. Олардың бірі біздің Павлодарлық жазушы Жүсіпбек Аймауытов. Ол қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Бүгін осы шараны пайдалана отырып жазушының үздік туындыларынан көрме ұйымдастырдық.
Айта кетейік, халқына аса үлкен бай мұра қалдырған жазушының еңбектеріне арналған көрме 3 күнге созылмақ.
Байтұрсын Жұмабай