Павлодарда наурыздың 29-ы мен 31-і күндері аралығында «Spring Ice» атты мәнерлеп сырғанаудан Республикалық турнир ұйымдастырылуда. Толығырақ жарыстың ашылу салтанатына қатысқан тілші тарқатады.

Байрақты дода «Астана» мұз айдының алаңында өтіп жатыр. Мұз үстінде Астана, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының үздік фигуристері жиналды. Барлығы 4 пен 17 жас аралығындағы 140-тан астам ұл-қызда сырғанау шеберліктерін көрсету мүмкіндігі бар.

АНАСТАСИЯ КАПИТАНОВА, МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ТӨРЕШІ

Республикалық турнирға төреші болу үшін Мәскеу және Омск қалаларынан келдік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанау барысын қарап, әділ төрелік көрсетеміз деген ойдамын. Мысалы, турнир алдындағы бірнеше қыздардың денешынықтыру сәтін қадағаладым. Дайындықтары жаман емес, өте жақсы формада. Әртүрлі қиын элементтерді жасай алатынын көрдім, турнир тартысты болады деп ойлаймын

Қатысушылар бірнеше жетістіктері бар спорт мектебі мен клубтарының, Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева атындағы мәнерлеп сырғанау академиясының фигуристері. Дүбірлі додаға құрметті қонақ ретінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы шақырылды. Оның айтуынша, қатысуышылар болашақта ұлы сияқты халықаралық спорт жарыстарының жеңімпазы болатынына сенімі мол.

ОКСАНА ТЕН, ДЕНИС ТЕН АТЫНДАҒЫ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Павлодарға осымен екінші мәрте келіп отырмын. Туған қаламдай болып кетті. Үлкен масштабтағы, еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалардың басын қосқан бұл турнир кең көлемде ұйымдастырылып отыр деп ойлаймын. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанауға қызығушылық танытатын балалардың қатары артқаны байқалады, бұған өте қатты қуаныштымын

Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршіндер де мұз үстінде мың бұрала сырғанап, түрлі қимылдар көрсетті. Әдемі іс-қимыл, жарасымды костюм, би музыкасы бәрі де әдемі үйлесім тапқан. Солардың бірі - Павлодар қаласының тұрғыны 6 жасар Ахмед-Әли Есентай. Ол кішкентайынан мәнерлеп сырғанаудан чемпион болуды көздеп келеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Республикалық турнир негізінен балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Екі күнге созылатын жарыс тартысты өтетіні анық.

Қымбат Садық