Павлодар облысында биыл 127 мың гектар алқап шыбын-шіркейге қарсы уланады. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер жеткізіліп, биологиялық преператтар дайындалуда.

Дернәсілдерді улау жұмыстарын Павлодар облысы бірнеше жылдан бері қарқынды жүргізіп келеді. Жыл сайын Ертіс өзенінің аңғарлары өңделеді. Және өңделетін алқап аумағы да жыл сайын ұлғаюда.

Бұл жерде сұйытылып жатқан биологиялық препараттар Павлодар, Ақсу, Тереңкөл аудандарына арналған. Жалпы 39 тонна. Бұдан бөлек, облыстың Тереңкөл, Ақтоғай, Ертіс аудандарының өзен жайылмалары да уланады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек 11 тоннадан астам химиялық препарат жеткізілген. Қазір арнайы қоймада сақтаулы тұр. Ал, улау жұмыстары ғылыми топтың шешімі бойынша жүргізіле бастайды.

ДӘУЛЕТ ИБРАЕВ, ҒЫЛЫМИ ТОП ЖЕТЕКШІСІ

Ғылыми топ өз жұмысын жүргізіп жатыр. Жайылмалар зерттелуде. Қазір ауа райы салқын. Су да өз мөлшерінде емес. Осы факторларға сәйкес улау жұмыстары басталады. Бұл сәуір айының соңы.

Былтыр 70 мыңнан астам гектар алқап өңделіп, 90 пайыз тиімділік көрсетті. Биыл Ертіс өзені жылдағыдан мол мөлшерде жайлады деген болжам бар. Сондықтан, улау алқаптары да ұлғайтылған.

Жанасыл Серікбол