Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек тоқтаусыз жөнелтіліп жатыр. Ассамблея мүшелері, халық қалаулары, еріктілер мен қала тұрғындары бұл мәселеден қалыс қалмай ат салысып келеді. Бүгін Павлодар шаһарынан азық-түлік пен керек жарақ түйілген жүк көлігі Петропавл қаласына аттанды.

Қазір Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделі. Нөпір су тұрғындардың үйлеріне кіріп, олар көп жылдар бойы жиған тергенінен айырылып отыр. Халқымыз бұл қиындықты да еңсереді. Бірлігі жарасқан елдің азаматтары Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберді.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Міне қазір Петропавл халқына өзіміздің жылы жүрегімізді жібергіміз келіп тұр. Біздің халқымыз Павлодар облысы бойынша Ассамблея юойынша жалпы барлық халықтардың атынан біз бергімез деп айтқым келеді. Бүгін 3 млн 600 мыңнан аса өзіміздің көмегімізді көрсетіп отырмыз. Бұл әлі аз біз әлі жинаудамыз. .... ең бастысы бас амандығы.

Бұл игі іске барша халық ат салысып келеді. Күнделікті жинақтау пунктеріне облыс азаматтары өз қаражаттарына керекті заттарды сатып алуда. Азық-түлік, киім кешек, құтқару құрал жаблықтары бар. Ел анасы, бұл қатерді жұмыла еңсеріп, халықты сабырлық сақтауға шақырды.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Қазір бізге сабырлық, сабырлық , барлығы төтенше жағдай енді болмаса екен. Елімізде тыныштық халқымыз аман болсын дейміз

Айта кетейік, павлоларлықтар гуманитарлық көмекті Қостанай жіберді. Бұл бастамаға 300-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Әйгерім Тоқпанқызы