Қазіргі таңда құмар ойынының шырмауына түскен адамдар көп. Жалпы лудоманияға тап болудың себептері қандай? Оның алдын алу жолдары бар ма? Алдағы сюжеттен көріңіз.

 «Лудомания» соңғы кездері әлемдік үрдіске айналып, қауіпті вирус ретінде таралып отырған ғасырлық мәселелердің бірі. Бұл індет – адамның біліктілігіне қарағанда, сәттілік арқылы жүзеге асатын, жеңіл жолмен байлыққа кенелудің бір түрі. Алайда, бұл оңайлықпен келетін нәрсе емес. Себебі, құмар ойындардың заңдылығы да осында. Әуелі ұйымдастырылған сәттілікпен жеңіске жеткен ойыншы, қанағатсыздық танытып, олжасын еселегісі келеді. Әйткенмен, стратегия бойынша, адам ақыры соңында қалай болмасын жеңіліске ұшырауы шарт.

Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Құмар ойыншы өзіне, а ғана емес, мүлде бейтаныс жандарға да кесірін тигізеді. Көңіл-күйінің тез құбылмалылығы мен өзін-өзі ұстай алмауынан кез-келгенге қол көтеріп, дөрекі сөйлеп, жеңілісінің өшін алуы мүмкін.

Лудоманияға тап болған адам бірден тиісті мамандардың көмегіне жүгініп, олармен сөйлеу арқылы құмар ойынға деген тәуелділігін жеңуге деген жігерін арттыру қажет.

Лудомания – қоғамның тамырын кесетін, қасіретті дерт. Ойынға құмарту –өмірді өз қолыңызбен құрдыымға жіберу. Сондықтан, таңдау өзіңізде екенін ұмытпаған жөн.

Қымбат Садық