Елде су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр. Сағат 16.00-дегі ақпарат бойынша елдегі ахуал қандай? Тілшіміз баяндайды.

Су тасқыны басталғалы 117 800 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Олардың 19 мыңы өз үйлеріне қайта оралған. Қазір 8 мыңнан астам адам уақытша баспанада. Сондай-ақ, 113 800 бас мал қауіпсіз жерге айдалған. Төтеншеліктер мен еріктілер, сондай-ақ, жергілікті күштер 4237 үй мен 2697 ауланы ағын судан сақтап қалған.

Су тасқын жағдайына байланысты бірқатар облыстардағы ауылдардан тұрғындар көшірілуде.

Төтеншеліктер су тасқыны кезінде азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жанасыл Серікбол