Павлодар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Жаңарту жұмыстары барысында жылу беру, желдету жүйесі жөнделіп, сырты әрі іші әрленді. Қазіргі заманға сай ғимараттың келбетін тамашалап қайтқан тілші әңгімесінде.

Аумағы 5000 шаршы метрден асатын Павлодар теміржол вокзалының ғимараты 1981 жылы салынған. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 2005 жылы жүргізілген еді. Айта кетейік биыл өткізілген жаңарту жұмыстарына қазынадан бір тиын жұмсалған жоқ. Шаһарымыздың басты бекеті демеушілердің қолдауымен жаңарды.

ДЖЕЙМИ КАРАТТИ, «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Каз минералс гордится данным проектом..... Біздің басқарма осындай ауқымды жобаны жүзеге асырағанын мақтан етемін. Барлық инженерлік жүйелер талапқа сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Өйткені, бұл еліміздің Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс пен Батысын байланыстыратын маңызды хаб. Айта кетейік, бұл жоба елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың бір бөлігі ғана. Дәл осындай жоба келешекте Екібастұзда да жүзеге аспақ.

Теміржол вокзалын күрделі жөндеу кезінде жылу және сумен жабдықтау жүйесі ескіргендіктен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым да жөнделді. Іші әрленіп, сырты да жаңарды. Сондай-ақ мүкіндігі шектеулі жандар үшін жедел саты, яғни лифт тұрғызылды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өздеріғіз білесіздер бұл воказлад бірнеше проблема болды. Жалпы воказ өте салқын болатын еді. Сондықтан біз бұл жерде жылу жүйелерін ауыстырдық толықтай. Екінші ішкі сыртқы қабырғаларын, едендерін толықтай ауыстырылды. Және де осы бүгінгі заманауи талаптарға сәйкес дизайнда бұл вокзал жаңғыртылды.

Жөндеу жұмыстары жолаушылардың тілектерін ескере отырып жүргізілді. Онда ана мен бала бөлмесі, демалыс орындары, балалар ойын алаңы мен дүкендер бар. Жолаушыларға арналған 18 орындық хостел ашылды.Ғимараттың жаңаруына демеушілік есептен 1 млрд 300 млн теңге жұмсалған. Жаңарған вокзалдың келбетіне қала халқы риза.

ЕРБОЛАТ МАРҒҰЛАН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Көрінісі өте жақсы. Көңілімнен шықты. Іші бәрі ашық. Өте жақсы салған. Бұрынғыдан өте жақсы. Жылы, Балалар ойнайтын алаң. Бәрі бар. Орындықтар жаңа жақсы. Көңілден шықты.

ҚУАНДЫҚ СЕРІКБОЛ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұрын ескі болды ғой. Кірген кезде іші қараңғы болып тұратын. Қазір жылтырап тұр, жаңа жақсы. Бәрі керемет. Ойын алаңы бар. Кірген кезде басқа чувства. Бұрынғыдай емес. Астана мен Алматыдан кем емес, артық болмаса. Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта вокзал үздіксіз жұмыс істеді. Айта кетейік, биыл Екібастұз теміржол вокзалы және Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді.

Әйгерім Тоқпанқызы