Міндетті медиицналық сақтандыру аясында науқастар тегін оңалтудан өте алады. Оңалту - ауыр сырқаттан кейінгі пациеттер үшін аса маңызды кезең. Бұл тұрғыда тұрғындар нені білу керек? Тілшіміз тарқатсын.

Медициналық сақтандыру қорының салымшылары қалыпқа келу кезеңіндегі қызметтерді тегін ала алады. Әр түрлі жарақаттар мен ауыр сырқаттан кейін адам өзін қалыпқа келтіру үшін біршама уақыт пен күш жұмсалатындығы белгілі. Науқастар кейде емделудің бұл кезеңін елемей жатады. Қымбат деп ойлайды. Алайда, МӘМС аясында бұл әбден қолжетімді.

2023-жылы 4522 науқас реаблитациялық көмек алған. Оның 2025-і миға қан құйылудан кейінгі оңалту. 242 науқас нейрохирургиялық отадан кейін осы кезеңнен өткен. Сонымен қатар, 163 бала жүйке ауруларынан емделген соң оңалтылған. Жалпы сауықтыру үш кезеңнен тұрады.

Ал, балалар жылына жағдайына қарай 14 күнтізбелік күн немесе, одан көп уақыт бойы оңалтудан өте алады. Мәселен, былтыр жоспар бойынша кардиоорталықта 880 ге жуық науқас ем-шараның осы кезеңінен өтіпті.

МӘМС аясында қызмет сапасына көңілі толмаған пацинеттер қолдау орталықтарына хабарласып, шағымдана алады. Өткен жылы 1100 шағым түскен. Бұл 2022-жылмен салыстырғанда аз.

Жанасыл Серікбол