Павлодар облысының спортшылары грэпплингтен Азия Чемпионатына қатысып, жүлделі оралды. Енді олар Әлем Чемпионатына дайындалып жатыр. Тілшіміз жалғастырсын.

Филиппин елінің Тагайтай қаласында грэпплингтен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа спортшыларымыз барып, бақтарын сынап келді. Нәтижесінде қанжығамыз майланып, жерлестеріміз 6 алтын медальға ие болды.

ЗАЙЫРБЕК ӘБІЛҚАДЫРОВ, ГРЭППЛИНГТЕН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. 12 медаль алып келдік. 6 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлде шықты. Соңғы кезде елімізде грэпплинге жақсы көңіл бөлініп жатыр. Соңғы Азия чепионатында біз жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болдық.

Жарысқа Филиппин, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Сингапур елдерінен жалпы 500-ден астам спортшы қатысты. Жарыс 3-6 мамыр аралығында ұйымдастырылды. Азия Чемпионатынан келген грэпплингшілер енді Астана қаласында қазанда өтетін Әлем Чемпионатына дайындалып жатыр.

ЗАЙЫРБЕК ӘБІЛҚАДЫРОВ, ГРЭППЛИНГТЕН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Алда бізде әлем Чемпионаты өтеді. Оған барлық жастағы спортшылар қатыса алады. Жылдың басты шарасы. Бірнеше іріктеу кезең болады. Сондықтан спортшылар қызу дайындық үстінде.

МАРАТ СМАҒҰЛОВ, «БІРЛІК» ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕРДІ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫ» СПОРТ КЛУБЫ КММ БАСШЫСЫ

Спорттың бұл түрі жақсы дамып келеді. Соңғы жарыстардың біріне облыстың өзінен 200-ден астам спортшы барды. Осыдан ақ көруге болады. Әрине қаржыландыру жағын жақсартса жақсы болар еді. Ал біз қолдауға әрқашан дайынбыз.

Айта кетейік, грэпплинг олимпиада ойындарына кірмейді. Алайда жаппай спортты дамыту үшін бұл бағытқа да көңіл бөлген дұрыс дейді спортшылар.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА