Бүгін Павлодар қаласында Мажарстан елінің өкілдігі құрылды. Оның ашылуына Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона қатысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қазақстан мен Мажарстан екі серіктес ел. Қос мемлекет арасындағы ықпалдастық жақсы дамып келеді. Соңғы жылдары сауда-экономикалық айналым, мәдениет пен білім-ағарту байланысы жақсы қарқын алған. Бүгін облыс орталығында ашылған консулдық ынтымақтастықтың әлеуеттін арттыра түспек.

ӘДІЛ ШАЯХМЕТОВ, МАЖАРСТАН ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛЫ

Біздің Қазақстан мемлекеті территория жағынан болсын аумақты мемлекет. Сондықтан әр регионды бұнда адамдар болу керек. Сондықтан Қазақстанда қазіргі уақытта 4 құрметті консул бар венгрияның. Біреуі Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде, Атырау қаласында бүгін ашылып отырған құрметті консулының Павлодарда ашылып отыр.

Павлодарда ашылған Штаб пәтері құрамында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облысы болмақ. Өкілдіктен кез келген уақытта ақпарат және көмек алуға болады.

ОТТО ИВАН РОНА, МАЖАРСТАННЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Осындай салтанатқа қатысқаныма мен үшін зор мақтаныш. Қазір екі ел арасында әріптестік дамып келеді. Бұл мені өте қуантып отыр. Қазір Қазақстанда 5 өкілдік жұмыс істейді. Бұл кабинеттер бізге сан салада мол демеу беріп отыр.

Венгриялық дипломатия жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді екені сөзсіз. Бұл бағытта болашақта көп істердің тындырылатыны анық.

Әйгерім Тоқпанқызы