Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды. Айзада Құрманова, 2002 жылдан мемлекеттік қызметте. Ал 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.