Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы-драма театры 36-маусымын қорытындылады. Маусым бойы театр 6 қойылымның премьерсын өткізіп, бірнеше республикалық фестивальдерге қатысты. Өнер ұжымы алдағы маусымда да көрермендерді үлкен шаралар, айтулы тұсаукесерлер күтіп тұрғандығын жеткізді. 




Отыз алтыншы маусымның қорытындысы ретінде театр ұжымы көрермендерге «Балам, қашан келесің» қойылымын ұсынды. Ақпан айының соңында Астанадан арнайы шақырылған режиссердің қатысуымен тұсауы кесілген драма көп көрерменнің ықыласына ие болған еді. 

Әділет Аханов, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы - драма театрының бас режиссері

Біз отыз алтыншы маусымды лсы жылы, осы маусымда болған премьерамен жабуды жөн көрдік. Ол театрымыздың 95 пайыз әртістері қамтылған «Балам, қашан келесің?» қойылымы. Үлкен қойылым, өзекті тақырыпты қозғайтын қойылым. Және бұл қойылымға Астана қаласынан арнайы режиссер Жұлдызбек Жұманбай шақыртылды. Бұл қойылымдап біздің театр ұжымының аға буынынан бастап, осы маусымда ғана келген жас буынға дейін барлығы өнер көрсетеді.

Отыз алтыншы маусымда театр шығармашылық тұрғыда биік белестерді бағындырды. Репертуарға 6 жаңа қойылым қосылды. Оның екеуі балаларға арналған. Бірқатар фестивальдерге қатысты. Ал, 37 - маусымда театр ұжымы өздері бас болып айтулы фестиваль театр мерекесін өткізеді.

 «Ертіс-Баян» театр фестивальіне қатысуға 30 ға жуық ұжымнан өтініш түскен. Олардың ішінен 10 театр іріктеліп те үлгерген. 


Жанасыл Серікбол