Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті. Олардың бәрі алкогольдік ішімдік ішіп, тыйым салынған жерде суға түскендер. Қанша жерден хабарландырып, ақпарат айтылса да статистика көңіл көнштіпей тұр.
Биыл жаз ерекше ыстық, өңір тұрғындары демалысын қабырғалары ысыған көпқабатты үйден гөрі жағада өткізгенді жөн санайды. Бірақ сол, суға шомылған кезде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытып кетеді. Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында 200-ден астам рейд жүргізілді. Судағы қауіпсіздікті бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тлекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы
Қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, облыстық полиция департаменті бірлесіп рейд жүргізді. Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті. Олардың көбі алкологольді ішімдікке ма сүйінде және шомылуға рұқсат етілмеген аумақта суға түскен. бастық мақсат төтенше жағдайдың алдын алу, рұқсат етілген жерлерде рұқсат етілген.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап елімізде Көлік министрлігінен Төтенше жағдайлар министрлігіне шағын су көліктері, кемелерді бақылау құзыреті беріліп отыр. Осыған байланысты, енді Ертіс және өзге де су айдындарында жүретін көліктер төтеншеліктермен тексерілетінін еске саламыз.
Тлекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы
Қазіргі таңда мас күйінле шағын кемемеен жүргені үшін екі қылмыстық іс қозғалды. 200 АЕК көзделген. 200 сағаттық қоғамдық жұмыстарды орындау.
Сонымен, ішімдік ішкендерге шағын кемелерге мінуге тыйым салынады және кеме жолаушылары міндетті түрде құтқару жилеттерін кию керек. Әйтпесе, ең жоқ дегенде айыппұл арқалап кетесіз.
Самал Қалиқызы