Бүгін, 1 шілде еліміз үшін ерекше күн. Жаңа конституция күшіне енді. Осы ретте Достық үйінде Қазақстан Республикасын Конституциясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Елде саяси өзгерістер біртіндеп орын алып жатыр. Осыдан үш ай бұрын референдум өтіп, ел болып жаңа Конституцияға дауыс беріп, қолдаған едік. Бүгін міне Ата Заң күшіне енді. Енді Қазақстан жаңа даму жолына өтіп, жаңа белестерді еңсереді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бүгін мемлекетіміздің тарихында ерекше күн. Ел Президенті Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаев Жаңа Ата Заң – қуатты Қазақстанның жаңа жарғысы деді. Халықтың қалауымен 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституция қабылданып, жаңартылды. Бұл халық игілігі үшін жасалған маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз- Конституцияның әр сөзін күнделікті өмірдің нақты өлшеміне айналдыру. Әділдік қағаздағы қағида ғана емес, қоғамның берік ұстанымы болуы тиіс.
Ғалымдар, саясаттанушылар да елдегі оң өзгерістерді құптап отыр. Конституциядағы преамбуланың өзінде бәріде ашық, айқын жазылғандай.
Айгүл Садықова, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, PHD докторы
Бұл оқиға тек құқықтық реформа емес, мемлекетіміздің заңды шегі...Әлемге ресми түрде жария етті.
Бұл ретте Мемлекет басшысының атынан облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченкоға, қоғамдық кеңес төрағасы Бәкір Демеуовке және бірқатар азаматқа алғыс хат табысталды. Өңір жастары да еліміздің Жаңа Конституциясының жаңа басылымдарына ие болды.
Әйгерім Ташекова, PHD докторы
Өзіміздің қазақ еліміздің зайырлы мемлекет болуына жаңа серпін беретін... Осы орайла Ата Заңымызды қабылдануымен құттықтаймын. Еліміздің тұғыры биік болсын. Жастар атынан еңбек етуге, қолдауға дайынбыз.
Замира Солтанова, «шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы
Негізі бүгінгі салтанатты жиынға қатысқаныма қуаныштымын. Осындай маңызды күнде елеп ескеріп, рахмет. Ел болып күтіп отырмыз. Әрекет ету бізде. Жаңа Конституция жаңа белестер алып келеді деген ойдамын.
ЕРКІН ҚҰСАН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
1 шілде тарихи күн болып қалатыны белгілі. Ата заңның жаңа нұсқасы, қолға алуымыз. Жастар үшін өте маңызды. Конституцияның сақталуы, ел шінде қалыптасуы. Бір үлкен бір мәртебе.
Сонымен, Бұл Қазақстан тарихындағы үшінші Ата Заң. Ең алғаш рет 1993 жылы 28 қаңтарда, одан кейін 1995 жылы 30 тамызда қабылданған еді. Қазіргі жаңа Конституция 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдум нәтижесінде қабылданды.
Самал Қалиқызы