Павлодарда спорттық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қала аулалары мен қоғамдық кеңістіктерде жаңа спорт алаңдары орнатылып жатыр. Бұл тұрғындардың үй маңында спортпен айналысуына мүмкіндік береді.



Қазіргі таңда қаланың бірнеше ауданында стритбол, воркаут алаңдары мен ашық аспан астындағы жаттығу кешендері салынып жатыр. Нысандардың қауіпсіздігіне, сапалы жабындысына және қолжетімділігіне ерекше назар аударылған.

Дариға Әбішева, Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы

Павлодар қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Павлодар облысының әкімі қолдауымен биыл қалада жаңа стритбол алаңдары, воркаут алаңдары және ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары орнатылуда. Шілде айының соңына дейін 20 стритбол алаңын, 30 воркаут алаңын және 80-ге жуық ашық жаттығу кешенін орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда 12 стритбол алаңындағы жұмыстар толық аяқталды. Мұнда қоршаулар орнатылып, заманауи тартан жабыны төселіп, баскетбол шығыршықтары қойылды. Сонымен қатар воркаут алаңдары мен ашық жаттығу құрылғыларын орнату жұмыстары қатар жүргізілуде.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту – қаланы абаттандырудағы басым бағыттардың бірі. Жаңа алаңдар бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасайды.


Дильназ Қуанышбекқызы