Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді қағып, аялдамаға соғылды. Жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, көлік аударылған. Жол апатының салдарынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. 


Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Әсет Кеңесов, № 1 Павлодар қалалық ауруханасының травматологы

2002 жылы туған науқас жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді. Қазір ол политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, көптеген дене жарақаттары мен гематомалар диагнозын қойды. Науқастың жағдайы орташа ауыр. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.