1 шілде – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енген күн. Бұл күн ел тарихындағы маңызды белестердің бірі ретінде есте қалды. Осы айтулы датада өңірде жаңа өмірге қадам басып, шаңырақ көтерген жас жұбайлар да бар.

Осынау тарихи күнде Азиз бен Данагүлдің отбасы құрылды. Жас жұбайлар үшін бұл күн тек неке қию рәсімімен ғана емес, ел өміріндегі маңызды оқиғамен тұспа-тұс келуімен де ерекше. Олар бұл сәйкестікті жақсылықтың нышаны деп қабылдайды.

Той тізгіндеген асаба да мерекенің мазмұнына сай салтанатты кеште Конституцияның қоғамдағы орны мен отбасы құндылығы да ерекше екенін атап өтті.

Конституция – елдің басты заңы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ал отбасы – қоғамның негізі. Сондықтан жас жұбайлардың өміріндегі жаңа белестің дәл осы күнмен үндесуі көпшілік үшін де ерекше символдық мәнге ие болды.

Дильназ Қуанышбекқызы