Павлодарда «дала саунд» өнер фестивальі қорытындыланды. Қатысушылар «Ертіс променад» сахнасында өнер көрсетті. Әуезді ән мен ырғақты би тоғысқан кештің куәсі болған тілшіміз баяндасын. 


Іріктеу кезеңінен іркілмей өтіп, үлкен сахнаға жолдама алған талапты жастардың бірі Бақберген Болтаев. Үлкен өнер жолына дадам басуды көптен арман етіп жүрген ол Ертіс жағасында көпшілік алдында, жастар арасында танымал әндердің бірін орындады. 

Әйгерім Болатбек өнер жолында еңбегін бастағанымен отбасы жағдайы, бала тәрбиелеу ісіне байланысты біраз уақыт сахнаға шықпаған екен. Әлеуметтік желіден дүбірлі концерт болатындығын естіп, үлкен сахнаға оралуға қайтадан бел буыпты. 

Дала саун – баршасына бірдей мүмкіндік беретін концерт. Әсіресе жастарға топ жарып, жарқырап ел алдында өнер көрсетуіне мүмкіндік мол. 

Жоба алдағы уақытта да жалғасады деп күтілуде. Заманауи ән мен биді, ұлттық үнді қолдауға арналған жоба дала даун көптеген дара таланттардың жолын ашады деген сенім бар. 


Жанасыл Серікбол