Мүгедектігі бар жандар үшін жаңа жоба іске қосылды. Бұл оңалту техникаларын тегін, белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға қалай қатысуға болады? Тілшіміз айтсын. 



Талғат Базарбайұлы ерекше жан. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пилоттық жобасына қатысып отыр. Бұл мүгедектігі бар азаматтарға оңалту техникаларын тегін белгілі бір уақытқа жалға алуға мүмкіндік береді. 

Талғат Қайрақбаев, жобаға қатысушы

Біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы, арба қираған кезде келіп арендаға ала аламыз. Бзіге жүріп тұруға жақсы. Осы кісілерге рахмет. Әрі қарай жоғарылай беріңіздер. Бізге мүмкіндік жасап жатқандарыңызға рахмет. 

Сонымен, мүгедектігі бар азамат жобаға өз еркімен қатысады. Тек кеңсеге келіп, өтінім білдіруі керек.   

Айта кетейік, елімізде 1 шілдеден бастап Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар өңірлерінде жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды. Бұл мүгедектігі бар азаматтарды оңалтуды үздіксіз сүйемелдеуді көздеп отыр. 


Самал Қалиқызы