24 мамыр күні Ақсу ферроқорытпа зауытында екі машинистті күйік шалды. Қазір олардың біреуінің жағдайы ауыр. Бұған дейін ақпарат көздері бір қыздың денесін 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды.
Ақсу ферроқорытпа зауытынан хабарлауынша, жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалған. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды. Зардап шеккен 25 жасар қыз Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған. «Өндірістік жарақат салдарынан пациенттің денесінің 80-85 пайызын термиялық күйік шалған. Басы, бет әлпеті, мойны, кеудесі, қол-аяқтары күйіп қалған, күйік шогының үшінші-төртінші дәрежесі тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, комада жатыр, өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған», деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасы.
Жанасыл Серікбол