Аймақ басшысы Асайын Байханов облыс орталығын аралады. Алдымен шаһарға жеткізілген жаңа автобустарды көрді. Онда жолаушылар тасымалы саласындағы жауапкершіілк пен сапа мәселесі айтылды.

Бұл - «Таксомотор» ЖШС сатып алған жаңа автобустар. Сыйымдылығы 56 жолаушыға арналған 12 автобус 3-ші бағыттағы ескі «газельдерді» алмастырады. Алдағы уақытта тағы осындай 12 жаңа автобус жеткізілмек. Ол 003 бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайды.

ДМИТРИЙ САМЧУК, «ТАКСОМОТОР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Автобуста желдеткіш жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Бейнебақылау жүйесі де орнатылған. Жүргізушінің орыны да жайлы, копфукционалды. Автоустың қоғалтқышы автоматты. Мақсатымыз халыққа жайлы жағдай жасау....

 Аймақ басшысы барлық автокәсіпорындарға қойылатын басты талап - жолаушылар үшін жайлылықты қамтамасыз ете отырып, қозғалыс аралығын қысқарту екендігі баса айтты. Жолаушылар тасымалы әркез сапаға ұмтылуы керек деді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 53 көпқабатты және 102 жеке тұрғын үйді сумен қамтамасыз ететін Исиналиев көшесінен Қайырбаев көшесіне дейінгі Ак. Сәтбаев көшесінің бойындағы d 500 мм шаруашылық су құбырын реконструкциялау жұмысын да тексерді. Бүгінгі таңда жаңа құбырдың 98 метрі төселген. 1 км желіні жаңартуды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Минин, Малайсары батыр, Бекмаханов көшелерінде де ауқымды жұмыстар жоспарланған. Мұнда жерді қазбай, санация әдісімен ұзындығы 4 шақырым болатын коллектор жаартылуда. Оған d 500-1000 милиметрлік құрылр қойылуда. Ал, Ак. Шөкин және Қамзин көшелерінің қиылысындағы жылу магистралінің құрылыс барысы да тексерілді. 2,5 шақырымды құрайтын жаңа желінің 250 метрі салынған. Тиісті мекемелерге құрылыс жұмыстарының барысын күн сайын бақылап, сапасына мән беруді және уақытында тапсыруын қамтамасыз етуді тапсырылды.

Аймақ басшысы одан әрі музыка колледжіне барды. Ондағы оқу ғимратының жағдайымен танысты. Оқу орынының бірқатар проблемалары бар. Ең бастысы ғимараттың ескілігі.

Аймақ басшысы жағдайды кезең-кезеңімен түзететіндігін айтты. Ең алдымен шатырды, жылыту және электрмен жабдықтау жүйелерін ауыстыруды тапсырды. 2-кезеңде ғимараттың ішкі және қасбетінің, келбетін, сондай-ақ, музыкалық аспаптар мен жабдықтарды жаңартуды жоспарланды. 3 жаңарту мүмкіндігін қарастырылады.

Содан кейін қала аулаларын абаттандыру жұмыстары тексерілді. Жаңа балалар ойын алаңын орнатылып, аулалары абаттандырылып жатқан үйлердің тұрғындарымен жүздсеті.

Жанасыл Серікбол