Биыл өңірде маса-шіркей аза таралды. Атқарып жатқан шаралар өз тиімділігін көрсетті. Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз жиынында тиісті мекеме өкілі осылай деді. Тілшіміз тарқатсын.

Биыл зиянкестерді улау аумақтары едәуір ұлғайғаны белгілі. Былтырғымен салыстырғанда бір жарым есе көбейді. Бірқатар аудан аумақтары да жаңадан қосылды. Қазіргі уақытта улау жұмыстары жалғасып жатыр.

ДИЯР ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл 127 мың гектар алқап улануда. Павлодар және Ертіс аудандарындағы аумақтар жаңадан қосылды. Өйткені, өткен жылы осы аудандардан шағым көп түсті. Сондықтан, аталған аудандарда да өңдеу жұмыстарын жүргізу шешімі қабылданды.

Өзен бойларын өңдеудің бірінші кезеңі 29мамаыр күні басталған. Тиімділік 80 пайыздық көрсеткіш шамасында деді спикер. Сонымен қатар, әуеден өңдеу жұмыстары да бар. Қазір бұл тәсіл аяқталуға жақын.

ДИЯР ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әуеден өңдеу жұмыстары күнс айын жүріп жатыр. Әрине, кейде ау арайы жағдайымен де санасамыз. Әуе арқылы улау қалада да, ауылдарда да жүріп жатыр. МЕрдігерлер жиыны 59 елдімекенде аумағында жүргізуде. Жалпы жағдай бақылауда. Жұмыс оң нәтижесін көрсетуде.

Ғылыми топ өкілі де тиімділіктің 80 пайыздан жоғары екендігін айтты. Жан-жақты жұмыстар атқарылғандығының арқасында тұрғындар зиянкестерден залал көріп отырған жоқ деді.

ҚАНАТ АХМЕТОВ, Б.Ғ.Д, ПРОФЕССОР

Ау райын бақылаушылармен тығыз байланыста болдық. Жайылма алқаптарда Ертіс суы тасымай тұрып су болды. Бұл қардың еріген суы. Сәуір айының ортасы мен мамаыр айында күн едуір жылы болды. Сол уақытта біз тиімді әрекет ете білдік. Олай болмаған жағдайда қазір қалада маса-шіркейлеп қаптап жүруші еді.

 Басқарма өкілі кейбір аудандардан шағым бар екендігін айтты. Мәселен, Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылынан, Ақтоғай ауданы Мүткенов, Қожамжар, Естай ауылдарының тұрғындарынан жиыны 20 ға жуық шағым болғандығын айтты.

Тұрғындар зиянкестерден зардап шеккен жағдайда 8776 074 33 94 уатсап номері арқылы жеткізе алады.

Жанасыл Серікбол