Павлодарда алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде қар жинауға арналған 230 техника қар тазалауға дайын. Оның жай-күйімен өңір басшысы Асайын Байханов танысты. Тілші әңгімесінде.

Сап түзеп тұрған бұл техника шаһар көшелерін тәулік бойы қардан тазалайды. Айта кетейік, қала аумағы 400 шаршы шақырымды құрайды. Шаһар үш бөлікке бөлінген. Қыс бойы бірнеше мердігер компания бұл қызметті атқарады. Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарды және олардың жиектерін қардан тазалап отырады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Керек кезде қатты қар жауғанда қанша адам қосымша жұмылдыра аласыздар. Қосымша тағы 100 адам жұмылдырамыз. 50 техника жалға аламыз. 10 прогрущикке дейін жұмылдырамыз. Сонда 300 дана техникаға дейін 400-450 адамға дейін жұмылдыра аласыз. Түсінікті.

Қанат Жаныспаев, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС директорының орынбасары:

Қыста жолдар мен тротуарларда көктайғақ болатыны мәлім. Ол үшін шағын көлемді техника сатып алынған екен. Бұған қоса, шаң басатын он екі көлікпен толықты. Жыл сайын техника паркі жаңарып отырады.

  Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Содан кейін халықтың наразылығын турдыратын мәселе бұл құрғақ кезінде жинау, шаңды көтеріп, сонымен қалай күресіз жатырсыздар. Көп көмектеседі олар.

Өңір басшысы бұл істі атқаратын жауапты ұйым өкіліне қар тазалау науқанын бұқараның шағымын тудырмай, сапалы, әрі уақытында тазалауды тапсырды. Себебі шаһар тазылығы басты назарда.

Әйгерім Тоқпанқызы