Келер жылы Павлодар қаласында мың түп ағаш отырғызылады. Бастамасы жалпы облыстық сенбілік барысында іске асты. Шаһар тұрғындары Астана көшесі бойында жасыл желек екті. Экранға зер салайық.

Қолдарына күрек, кетпен ұстап, жастар, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары жас ағаш көшетін отырғызып жүр. Биыл облыс орталығында 2 участок таңдалды. Бұл Естай - Есеналиев көшесі және Торайғыров пен Едіге би көшесіне дейін жалғасады. Өңір басшысы келер жылдың жоспарымен танысты.

Кейін көпшілікпен бірге ағаш отырғызды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Жалпы қанша көшеге отрғызасыздар. Осы екі участокта 100 дана. Биыл. Ендігі жылы. 500 түп жоспар бойынша 1000 отрығамыз деген қайда. 4 көшеде 500 дей отырғызамыз. Тағы 500 ағашты отрғызамыз.

Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі:

Бұдан кейін өңір басшысының қала бойы сапары Сәтбаев және Ломов көшелері қиылысында жалғасты. Бұнда 1998 жылы жұмысын тоқтатқан субұрқақ қалпына келтірілді. Айта кетейік, биыл 6 демалыс паркіне жөндеу жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Әйгерім Тоқпанқызы