Павлодарлықтарға әлеуметтік желілер арқылы үлкен табыс әкелетіндігіне сендірген тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Әлеуетті алаяқтар өздерін шетелдік жарнамалық компания ретінде көрсетіп, инвесторларға салған инвестициясынан 50% пайда ұсынған. Осындай ақша схемаларына 3 мыңға жуық адам сенген.

2024 жылдың 1 қазанында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «What's App» әлеуметтік желісі арқылы жұмыс істеген «Такорп» инвестициялық қаржылық пирамидасының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Жалған қаржылық құрылым 4 ай бойы жұмыс істеген.

Серік Мүслімов, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы:

«Такорп» қаржы пирамидасы Астана қаласы мен Павлодар облысында жұмыс істеді. Өзін Америка Құрама Штаттарында жарнамалық қызметті жүзеге асыратын ұйым ретінде көрсеткен, ол инвестициядан түсетін пайданың 50% қысқа мерзімде қамтамасыз етуге уәде берген. Салымшылардың саны 3 мыңға жуық. Бүгінгі күнге дейін 40-тан астам адам шағым түсірді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз немесе «Такорп» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне, 8 (7182) 61-33-05 сенім телефонына немесе 1458 колл орталығына қоңырау шалуыңызды сұраймыз....просим Вас обращаться в ДЭР по Павлодарской области, телефон доверия 8 (7182) 61-33-05 или Call center 1458. (НОМЕРА НА ЭКРАН)

Ермек Сапаров