Келер жылы Усолка мөлтек ауданында экосаябақ салынады. 59 гектар жерде 8 функционалды аймақ болады. Онда қоғамдық, спорт, кэмпикг, балық аулау, демалу орындары құрылады. Облыс әкіміне құрылыс нысанының құжаты таныстырылды.

Бұл аймақ құрылысына бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге жұмсалады. Келешекте экопарк қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ. Тоғыз Пирс, балықшыларға арналған аймақ салынады. Воркаут-алаңдар жабдықталады. Нысан құрылысы келер жылы басталады. Бұдан кейін өңір басшысы жалпы облыстық сенбілікке қатысты. Тазалық шарасы барысында қалдықтар полигонына 5000 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Даяна Оразбекова, студент:

Павлодар қаласында әрбір тұрғын келіп, көмектескен болатын. Сондай әдемі орманға келіп, табиғатымызды аяладық десекте болады.

Әйгерім Тоқпанқызы