18 қазан – рухани келісім күні аясында облыстағы барлық дін өкілдері католик шіркеуінде ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл елдегі дінаралық байланысты нығайту, Мемлекет басшысының тапсырмасын қолдау мақсатында жасалып отыр.

30 жылдан аса уақыт көпэтностық және көпконфессиялық қоғамның бірлігі мен толеранттылығын көрсететін айтулы мереке – Рухани келісім күні аталынып келеді. Қазіргі кезде облыс аумағында 13 түрлі конфессияның өкілдері, яғни 167 діни қауымдастық пен 16 діни миссионер бар.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы:

Дін адамды жақсылыққа шақырады, жамандықтан қайтарады. Сондықтан да дамып, әрі қарай ілгері қозғаламыз дейтін болсақ, дінаралық келісім болуы керек. Осы орайда діни ұйымдардың тұрғындарға көрсетіп жатқан қайырымдылық көмектерін атап өткен дұрыс. Мысалы, осы аптада «Иисус Христос» шіркеуі Павлодар қаласында аз қамтылған тұрғындар тобына 50-ден аса азық-түлік себетін таратпақ. Тәуелсіздіктің арқасында.

Рухани келісім күні аясында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өңірдің діни бірлестік өкілдері католик шіркеудің аумағында қарағай көшеттерін отырғызды.

Лукаш Хлопек, Рим-католик шіркеуінің қараушысы:

Мереке күні Павлодар католик шіркеуі үшін ерекше. Себебі барлық дін өкілдері біздің аулада көшеттер отырғызады. Бұл татулықтың үлгісі. Әр дін бір бірін сыйлау керек екендігінін белгісі.

Айта кетейік, Павлодар облысының аумағында бүгінгі таңда 109 мұсылмандар мешіті, 25 православиялық, сегіз католиктік, 21 протестанттық бағыттағы шіркеу бар.

Самал Қалиқызы