Достық үйінде «Ауыл» партиясы мүшелерінің қатысуымен аймақтық семинар ұйымдастырылды. Оған Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Біздің елде саяси партиялардың жұмысы соңғы жылдары ерекше серпін ала бастады. Әр партияның алға қойған мақсат-міндеттері, жасап жатқан жобалары бар. Осы ретте «Ауыл» партиясын атап өткен жөн.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

Біз екінші орын алып отырмыз Парламентте. Наурыз ауында сайлау болды. 8 орынға ие болды. Бізде 8 депутат бар. 228 депутат Қазақстан бойынша. 8 желтоқсанда тағы сайлау болады. Жұмыс басталды.

Осы ретте «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Достық үйінде топтастырылған семинар-форум өтті. Аймақтық семинарға жалпы 150 адам қатысты.

Айдын Сәрсенбай, «Ауыл» партиясы Павлодар облыстық филиалының басшысы:

Бұл семинарға «Ауыл» партиясының төрағасының орынбасары қатысып отыр. Дұрыс жұмыс жасап, халыққа көрсету. Жиналған қауымды, ауыл шаруашылық қалай дамыту керектігін үйретеміз. Сонымен қатар, экономикалық жағын көрсететін боламыз.

Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан Павлодар облыстарынан жиналған азаматтар пікір алмасты. Партияның даму жолындағы стратегиясын тағы бір мәрте айқындады.

Ниханбай Омарханов, Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

 «Ауыл» партиясы дегеннің өзі аты жақсы. Ауыл адамдарына жылы естіледі. Аяқ алысы өте жақсы. Семинарлар өткізіп жатыр.

Бейбіт Бекенов, «Ауыл» партиясының мүшесі (успен ауданы):

Форумда көп мәселелер қаралып, бағыты бойынша айтылды. Бизнесте қалай жұмыс жүргізу, орын алу, жемқорлыққа берілмеу керектігі бойынша түсіндіріп жатыр.

Келер жылы «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толады. Алматы қаласында үлкен конференция өтеді деп жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы