Калиновка ауылының тұрғындары «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының игілігін көріп отыр. Биыл елдімекенде жолдар асфальтталып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Одан бөлек, алаңдар қойылды. Бұл туралы толығырақ келесі сюжетте.

Тереңкөл ауданы Калиновка ауылында биыл бірқатар өзгерістер орын алды. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін әлеуметтік нысандар жаңартылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін футбол, балалар алаңдары орын тепті.

Елдар Сембайұлы, Калиновка ауылдық округі әкімінің м.а.

Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 202 млн теңгеге жолдар жасалды. Жарықтандыру бойынша 36 млнға. Футбол жасалды, балалар алаңы жасалынды. 13 млн футбол алаңы жасалынды. Жұмыстарымызды атқарып жатырмыз.

Ауылдағы жұмыстардың барлығы жазда жүргізілді. Айта кетейік, жолдар мен жарықтандыру жүйесі мемлекеттік бағдарлама аясында болса, жаңа алаңдар жергілікті бюджет есебенін қойылды.

Самал Қалиқызы