Елімізде 2025 жылы жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар да асырап ала алады. Бұл дегеніміз ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар бірден балалар үйіне бармай, осы отбасыларға жіберіледі. Оның талаптары мен критериялары қандай? Тілшіміз айтсын.

«Бала бауыр етің» дейді біздің халық. Бірақ осы бауыр етіміз кейде тағдыр жазуымен, ата-аналар салғырттығы, немқұрайлығы кесірінен балалар үйіне түсіп жатады. Бұл статистиканың алдын алу, азайту мақсатында көп жұмыс жүргізілуде. Осы орайда «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Айгүл Маликова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Қазір ата-ана ретінде өзінің міндеттерін орындамайтын отбасылар көп. Салдарынан балалар жапа шегеді, әлеуметтік жетімдер көбейеді. Мамандандырылғанювеналдық соттың ақпаратынша 2022 жылы 263 адам ата-ана құқығынан айырылып, 148 ата ананың құқықтары шектелді.

Павлодар облысында мыңнан астам бала жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған. Жауапты органдар олардың әрі қарай білім, әлеуметтік көмек алуы үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Самал Айтқазина, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда облысымызда ата қамқорлығынан айырылған және жетім балалар саны 1480. Олардың ішінде 400-і жетімдер, 1080-і ата қамқорлығынан айырылғандар. 995 бала 760 отбасында өмір сүріп жатыр. 68 бала патронаттық отбасыларда.

Қазіргі таңда елімізде 4 мыңнан астам бала интернаттық мекемелерде ата-анасын күтіп отыр. Олардың басым бөлігі жасөспірімдер, диагнозы бар балалар, ағайындылар. Бұл мәселені кәсіби қабылдаушы отбасын енгізгеннен кейін шешуге болады, дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының мүшелері. Яғни жүйе енгізілсе, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар балалар үйіне емес, осы отбасыларға жіберіледі.

Фарида Рахметова, «Ұлттық бала асырап алу» агенттігінің басшысы:

Қазіргі таңда ҚР-да баланы ортбасына қабылдаудың бірнеше формасы бар. Асырап алу, қамқоршылығына алу, паторнат болу, қабылдаушы отбасына қабылдау. 2025 жылы кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілмекші. Бұл толық отбасы болу керек. Баланы таңдай алмайды. Бірден отбасына түседі. Ол 70 АЕК құрайды.

Отбасыға 4 баладан артық орналастыруға болмайды. Кәсіби қабылдаушы отбасын анықтау, онымен жұмыс жүргізу, іріктеу жергілікті атқарушы органның жұмысы. Кәсіби қабылдаушы отбасына қабылдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді.

Фарида Рахметова, «Ұлттық бала асырап алу» агенттігінің басшысы:

Яғни аяқ астынан отбасы ата анасының қамқорлығынсыз қалғанда қысқа мерзімге орналастыру. Үшіншісі ұзақ мерзімге дейін орналасуы мүмкін. Ол 18 жасқа толғанша.

Айта кетейік, «Ана үйі» орталығының мақсаты ананың сәбиінен бас тартуына жол бермеу, баланы отбасында қалдыру. Осы уақыт ішінде еліміздегі 7130 сәби балалар үйіне түспей, анасының жанында қалды, қордың уақытылы көмегін алды.

Самал Қалиқызы