Баянауылдың Сабындыкөл мен Торайғыр көлдері балықтандырылды. Оған 41 мың ақ амур балықтары жіберілді. Шараның негізгі маақсаты қандай? Жалпы бұл балықтарды аулуға бола ма? Келесі сюжетте.

Соңғы уақытта Баянауыл ауданының Торайғыр мен Сабынкөл көлдерінде қамыс көп өсе бастаған. Осы орайда жер қойнауын пайдалану басқармасына тұрғындардан тиісті шаралар қолдануға өтініш түсті.

Жасұлан Жұмашев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

17 қазанда Жер қойнауын пайдалану басқармасымен балықтандырылды. 41 мың балық жіберілді. Мамандармен қадағаланады. Ақ амур жақсы бейімделгіш келеді. Тұрғындардан өтініштер түсті. Қамысты өскіздірмеу үшін осы балық түрлерін анықтадық.

Ақ амур балығы тендер арқылы Алматыдан әкелінген. Балықтар жерсініп кетсе, 2 жылдан кейін оларды жергілікті тұрғындарға аулауға рұқсат беріледі, деді басқармада.

Жасұлан Жұмашев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар әлемі бөлім басшысы:

Сабындыкөл мен Торайғырда өз балықтары бар. Онда карп балығы мекендейді. Амур бөгетін жасамайды. Оның қоректену спектрі әртүрлі. Уылдырық шаша алмайды. Шөпті азайтып.

Жылдың соңына дейін Ақтоғай ауданының Таллинка көліне де 2 мыңнан астам тұқы балығы жіберіледі. Ал келесі жылы облыстың басқа да көлдері 51 мың балықпен толығады.

Самал Қалиқызы