Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 19 қазанда ашық есік күні өтеді. Бұл жолы әйелдердің сүт безі тексеріледі. Осы ретте дәрігерлер тұрғындарды келіп, тексерістен өтуге шақырады.

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде әр апта ашық есік күндері ұйымдастырылады. Осы айда бас және мойын қатерлі ісігі мен сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерістер жүргізіледі. Әдеттегідей ешқандай жолдамасыз, тек жеке бас куәлігімен келуге болады.

Әсел Асқарова, облыстық онкологиялық орталық басшысының орынбасары:

Ертең Қазақстан бойынша сүт безі қатерлі ісігі бойынша ашық есік күні өтеді. Барлық қыз келіншектер келіп мамоллогтан кеңес ала алады. Таңғы 9-дан 1-ге дейін Российская көшесіндегі онкологиялық диспансерге келуге болады. Алдын ала жазылусыз, жеке куәлікпен келіп, дәрігердің ұсынысымен ультра дыбыстық тексерістен өтуге болады. Екі онко маммолог қабылдайды.

Орталықта 13 мың адам есепте тұр, 3200 адам сүт безінің қатерлі ісігімен сырқаттанған. 9 айда 278 жаңа жағдай тіркеуге алынды. 95 пайызы 1-2 кезеңде.

Ернұр Неғманова, облыстық онкологиялық орталықтың онколог-дәрігері:

Ең бірінші клиникасына келетін болсақ, симптомдар болуы мүмкін. Әлсіздік, тәбет нашарлауы мүмкін, салмақта тастайды. Жергелікті симптомдар әйел адамдардың сүт безінің қатерлі ісікті анықтау.

Осындай белгілер болған жағдайда бірден мамандарға көрінген дұрыс. Себебі сүт безінің қатерлі ісігі біздің облыста бірінші орында.

Самал Қалиқызы