Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды. Онда жылу желілерінің, теміржол вокзалының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, шаһарда жаңа ойын алаңдары да ашылған. Толығырақ алдағы сюжетте.

 Алдымен облыс әкімі Асайын Байханов теміржол вокзалына барды. Мұнда қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, айтарлықтай өзгерістер болмақ. Мәселен, автокзалда хостел ашу жоспарланып отыр, бұдан бөлек кафеге кіретін жеке кіреберіс салынады.

Марина Киева, «Павлодар ремкомплекс» ЖШС директоры:

Вокзалда санузелі бар ана мен бала бөлмесі, намазхана, медициналық пункт болады. Жатақхана мен кафе жұмыс істейді, вокзал барлық талаптарға сәйкес болады

Вокзалдың бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі жандардың екінші қабатқа жетуі үшін арнайы көтерме механизмі орнатылады. Мердігер желдету мен электр жарығын, байланыс желілерін, кәріз құбырлары мен қосылыстарын, жылыту жүйесін жаңғыртуы, екінші жылу торабын орнатуы, жиһазды, есік ойықтарын ауыстыруы, шағын архитектуралық нысандарды орнатуы тиіс. Жоба келер жылдың ақпан айына дейін аяқтауы тиіс деп жоспарланған. Алайда мердігер ұйым теміржол вокзалындағы жұмыстарды мерзімінен бұрын желтоқсан айында аяқтауға ниетті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

 Теміржол вокзалы қалаға келуші қонақтарды қарсы алады. Сондықтан мұндағы әрбір жер қауіпсіз әрі әдемі болуы керек. Жаңарту жұмыстарын асықпай, тиянақты түрде жасаңыздар, сапалы болсын.

Айта кетейік, вокзалды жаңарту жұмыстарын «KAZ Minerals» тобы қаржыландырып отыр. Бұған 960 млн теңге қаражат жұмсалған. Мұнан кейін облыс әкімі Асайын Байханов 1999 жылы енгізілген және бүгінгі күні тозу дәрежесінің 90% - ы бар ТМ-7 жылу магистралінің учаскесіне барды. Соңғы 3 жылда 120-дан астам көппәтерлі тұрғын үй мен 1000-нан астам жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 17 әлеуметтік нысан мен 150 заңды тұлғаны жылумен қамтамасыз ететін бұл магистралде 50-ден астам зақым тіркелген. Сондай-ақ, биыл шаһарда екі негізгі жылу магистралі - ТМ-1 және ТМ-3 қайта жаңартылды. Бұған республикалық, облыстық және қалалық бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлінген. Қайта жаңартылған магистральдар гидравликалық сынақтан өтіп, құбырлар пайдалануға қабылданған.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Былтыр қыс мезгілінде қаладағы әр ауланың жылу желілерін тексеретінбіз. Бірақ әлді де атқаратын жұмыс бар. Қазір 702 көппәтерлі тұрғын үй, сонымен қатар 5500-ге жуық жеке үй және 90-ға жуық әлеуметтік нысан жылумен қамтылып отыр. Жылумен жабдықтау параметрлері жақсы деңгейде.

Биыл Екібастұзда 20 футбол алаңы салынған. Және жазда роллердромға айналатын мұз айдындарын жарықтандыру мен жаңарту жұмыстары атқарылған.

ҚЫМБАТ САДЫҚ