Орман шаруашылығы қызметкерлері күні 2017 жылдан бері қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мереке. Осы атаулы күнге байланысты әріптесіміз «Ертіс орманында» көп жылдар бойы қызмет атқаратын орманшылармен кездесіп қайтты. Толығырақ алдағы бейне материалда.

Аспанмен таласа өскен қарағай ағашына бай орман ауылында өскен Аманов Марат Сабитқанұлы орман шаруашылығы саласында 17 жыл қызмет атқарып келеді. Жастайынан атасы мен әкесінің ісіне қызығып өсіп, осы жолды жалғастыруды жөн көрген.

Марат Аманов, «Ертіс орманы» табиғи резерваты директорының орынбасары:

Амановтар әулеті 230 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Өзіме тоқтала кетсем 2001 жыылы мектепті аяқтаған соң, біздің мектепте Алматылық университетке түскісі келетіндерді жинаған еді. Әрине менң атам да әкем де осы орманшы бағыты бойынша жұмыс атқарғандықтан ойланбастан келістім. Универді аяқтағаннан кейін, жұмыс бойынша түрлі тапсырыстар болды. Өзге өңірлерге барудың орнына, өзімнің партриоттық сезімімнің, елге деген махаббатым мен осы Амановтар әулетін жалғастыру мақсатында ауылыма қайта оралдым.

Айтып өткендей, Амановтар әулеті 230 жылдан астам уақыт орман шаруашылығында қызмет етуде. Әулеттің негізін қалаушы Аманов Қайролла. Жұбайы Аманова Майра екеуі үш бала тәрбиелеп, олардыда осы орман шаруашылығы жолында бағыттаған. Ал Ұлы Сәбитхан Аманов та осы жолда 40 жыл қызмет етіп келеді. Қазір ерең еңбегінің нәтижесі мен балаларының қызығын көруде.

Сәбитхан Аманов , орман шаруашылығының ардагері:

Мен 1956 жылы 23 сәуірде дүниеге келдім. Шалдай орта мектебінде 8 жылдық білім алып, жүргізуші қызметіне оқуға түст ім. Ал қызметімді әскери борышымды өтегеннен кейін бастаған едім. Орманшы болып 20 жылдай жұмыс атқардым. Қазір жұбайым Сәуле екеуіміз 3 балаға тәрбме бердік. 40 жыл көлемінде жұмыс істеген екенмін. Негізі ризамын өзіме. Кей кезде ауыстырып отрдым әрине қызмет түрлерін, біраққазір міне балаларым жолымды қуып орманшы болып жүр. Осыған ризамын.

Әкесінің жолын қуған Марат Аманов қазірде Шалдай филиалы директорының орынбасары қызметін атқаруда. Қызмет барысында бірнеше рет адал еңбегі үшін , оған қоса Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коммитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Марат Аманов, «Ертіс орманы» табиғи резерваты директорының орынбасары:

Бұл жұмысқа қызығушылығым бала кезімнен пайда болған. Әкеден көргенін істейтін бала демекші, өз ісіме деген махаббатым қазірге дейін зор. Мені осындай биіктермен жетістіктерге жеткізіп отыр. Мен қазір 3 баланы тәрбиелеп отырмын. Алдағы уақытта әулет жалғасы болу үшін, осы орман шаруашылығы бағытына өзім үйретудемін. Білімдерін болашақта кеңейтетін боламыз.

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемесінің қызметі ерен. Бұл Амановтар әулеті секілді көптеген жылдар бойы еңбек еткен жандардың арқасында екендігі мәлім .

Салтанат Бауыржанқызы