Бұдан кейін өңір басшысына облыс орталығында Баян батыр 2 көшесінде орналасқан заманауи қоқыс салатын контейнерлердің технологиясы таныстырылды. Биыл шаһардың 250 алаңында 800 жаңа жәшік орнатылады.

Өркениеті дамыған елдердің заманауи технологиясы бізге де жетті. Ескі темір қоқыс лақтыратын жәшіктердің орнына енді жаңа еуроконтейнерлер алмастырады. Қатты қалдықтар шыны, пластик, қағаз болып 3бөлікке сұрыпталады. Бұларға 17 жаңа «Маз» маркалы қалдық тасымалдайтын көлік қызмет көрсетеді. Облыс әкімі жаңа технология экология ахуалына оң септігін тигізетінін айтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Қалада тек еуроконтейнер керек жоқ бізге. Біздің бұрынғы үсті бәрі ашық ішке түскен қоқыстың бәрі қазір полителен қолданады ғой. Барлық заманауи қалалар осы жәшіктерге көшті. Салып ол бірінші мақсат болды.

Қалдықтарды тиеу үрдісі де өзгереді. Контейнер машинаға тиеледі. Қоқыс толығымен жабық цилиндрлік корпуста басылады. Бұдан кейін полигонға сығылған түрде түседі. Осының арқасында қалдықтар төгілген кезде жан жаққа ұшпайды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Екінші, бұның айырмашылығы неде? Мына техникамен мына техниканың айырмашылығы ішіне келген қоқысты салғаннан кейін қысымы жоғары мына техника бұл қоқысты қысады. Қысымның астында қалған қоқыс полигонға келіп төгілгенде жан-жаққа шашылып кетпейді.

Өңір басшысының айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа технологиясы тек көпқабатты үйлерде ғана жүргізіледі. Тұрғындар мұндай жаңашылдыққа риза.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып алғыс айтамыз. Тазалықты жақсы көреміз. Бұрын қоқыс жан жақта шашылып жататын. Қазір барлығы жинақы. Әрі, денсаулыққа пайдалы. Ауламыз осылай көркейе берсін. Еңбегіңіз нәтижелі болсын.

Айта кетейік Павлодар шаһарында 530 алаң бар. Биыл 250 нүктесіне 800 жәшік орнатылады. Келер жылы 280 нысанда осындай заманауи контейнер қойылады деп жоспарланған.

Әйгерім Тоқпанқызы