Спорттық гимнастикадан балалар арасында Павлодар қаласының ашық чемпионаты өтуде. Турнир жеңімпаздарының алғашы легі мараптталып та үлгерді. Тілшіміз тарқатсын.

Спорттық бәсекеден өтіп жатқан турнирге Астана, Алматы, Семей, Павлодар қалаларының балалары қатысуда. Алматы қаласынан бірнеше команда қатысуда. 5 жатсан 12 жасқа дейінгі жас өрендер өздерінің біліктерін сынап көрмек.

Анастасия Демешко, турнирдің бас төрешісі:

Балалар алты жаттығу түрі бойынша сынға түседі. Еркін жаттығу, ат, сақина сияқты түрлі жаттығу түрлері бар. Қатысушылардың бәрі де осы алтауын орындауға міндетті. Тіпті, жасы ең кішісі де. Жаттығудың шебер әрі таза орындалуына қарай бағаланады.

Жарыстың алғашқы күнінің жеңімпаздарына медальдар табысталып та үлгерді. Марапаттау рәсіміне құрметті қонақтар қатысты. Олардың ішінде биыл өткен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановта бар.

Нариман Құрбанов, Париж олимпиадасының жүміс жүлдегері:

Бала кезімде өзім олимпиад ойындарының жеңімпаздарына қызыға қарайтынмын. Олардың жетістігі қол жетпес армандай көрінетін. Бүгін міне, сіздердің алдырыңызда биік шыңды бағындырған спортшы ретінде тұрмын. Өте қуаныштымын. Шақырғандарыңызға рахмет!

Спорттық бәсекеге жиыны 100 ден астам спортшы қатысуда. Қатысушылардың көбі павлодарлық өрендер. Олардың арасында алғаш рет қатысып жатқандар да бар.

Жанасыл Серікбол