Павлодар облысында 306 медициналық нысан халыққа қызмет етеді. Науқастарға арналған жиыны 4 мыңға жуық орын бар. Бүгінде ірілі-ұсақты бірқатар медициналық нысан жаңартылуда. Ауыл медицинасының сапасын көтеру жолында да ауқымда шаралар атқарылуда. Облыста дәл осы салада жасалып жатқан шаруалар легі мәслихат алдында баяндалды.

Денсаулық сақтау саласының биылғы бюджеті 122 млрд теңгеге жуықтаған. Оның 21 миллиар теңгесі облыстан бөлініпті. Өткен жылы жалпы бюджет қаражаты 110 млрд теңгені құрапты.

Әнуар Бұйдашев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Ауылдың денсаулық саласын жақсарту жолындағы ұлттық жоба аясында биыл облыста 30 медициналық нысанның құрылысы жүруде. Оның екеуі дәрігерлік амбулатория, бесеуі фельдшерлік-акушерлік пункт, жиырма үші медициналық пункт. 2025-жылы облыстық балалар ауруханасын жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Ал, Ақсу қалалық ауруханансы реконструкциялау жобасы бойынша жоба әзірленді, қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Бұдан бөлек, Көктөбе ауылындағы Май аудандық ауруханасына суағар жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Облыстық тубдиспансер мен Тереңкөл ауылына салынуы тиіс емхана жобасының сметалық құжата әзірленуде. Ал, номері бірінші қалалық ауруханансың ғимаратын реконструкциялау жобасына бөлінген 12 млрд теңгенің 6 миллиарды игеріліпті. Жиын барысында денсаулық сақтау саалсындағы кадрлық мәселердің шешілу жолдары да айтылды.

Әнуар Бұйдашев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Тамыз айындағы жағдай бойынша облыста дәрігер тапшылығы 189 адам. Оның 136-сы тарбейінді мамандар. 45-і жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Биыл өңірімізге 167 медициналық қызметкер келді. Оның ішінде 32 дәрігер басқа қалалардан келді.

Мәслихаттың сессия отырсында «Павлодар облысының құрметті заматы» атағына үміткерлер тізімі де ұсынылды. Жалпы 31 адам ұсынылған екен. Іріктелген 7 адам мәслихат алдында таныстырылды.

Депутаттар ұсынылған үміткерлерді бірауыздан қолдады.

Жанасыл Серікбол