Ақсу қаласында жылу желілерінің 75 пайызы тозған. Ескірген құбырларды жаңалауға биыл 1,8 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға қаладағы 4,4 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылатын болады. Ал 4 жылу қазандығына қысқа дайындық жұмыстары жасалынып жатыр. Өңірге арнайы іс сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары шаһардың жай күйімен танысты.

Ақсу ферроқорытпа зауытында орналасқан жылу қазандығы 1978 салынған. 45 жылдан бері жұмыс істеп тұрған нысанның 45 пайызы тозыпты. Сол себепті жыл сайын жөндеуді қажет етеді. Қазір 4 қазандыққа жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Жылу маусымына дейін аяқталады - деп жоспарланып отыр.

ЕРБОЛ ОРАЛБЕКОВ, АҚСУ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЦЕХЫНЫҢ МАМАНЫ

Жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталды. №4 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жасалынуда. Қазір жұмыстың 40 пайызы аяқталды. №3 қазандықты өз күшімізбен жөндеп жатырмыз. Оның да 40 пайыз жұмысы аяқталуға жақын. Тамыздың басында аяқтайтын боламыз. №5 қазандықта орташа жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Оны тамызда бітіреміз - деп ойлап отырмыз.

Ал шаһардағы жылу желілерінің 75 пайызы тозған. Құбырларды жаңалауға биыл 1,8 млрд теңге бөлінді. Бұған ұзындығы 4,4 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылмақ. Халық қалаулылары қаланың инфрақұрылымымен де танысты.

Ақсудағы жаңа жылу қазандығының жыры бітер емес. Құрылысы осыдан 7 жыл бұрын басталған нысан әлі толық аяқталған жоқ. Себебі, қажетті жабдықтар жобада дұрыс көрсетілмеген. Соның салдарынан нысан әлі іске қосылмай тұр.

Бұдан бөлек астаналық мейман қаладағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақша мен стадионның да жұмысымен танысты. Кейбір нысандардың уақытылы тапсырылмай қалуы мүмкін деген қорқыныш бар. Сол себепті ескерту жасалынды.

Өзгеріс Қуанар, Евгений Олейник ЕА Ақсу қаласынан.