Ұлттық домбыра күні қарсаңында Бұқар жырау және әдебиет өнер музейінде әнші-сазгерлер мен ақындар ұстаған домбыра көрмесі өтті. Толығырақ тілші тарқатады.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ

Қазақ қашанда қара домбыраны төрге іліп, қастерлеген. Себебі, домбыра асыл мұрамыз, ұлттық құндылығымыз, басты байлығымыз. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында жыл сайын Ұлттық домбыра күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай Бұқар жырау атындағы музейде көне ақын-сазгерлердің, әншілердің өздері ұстаған мынадай домбыраларынан арнайы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде ұстаз Зекебай Солтанбаевтың, Мұзафар Әлімбаевтың, ақын Нұтфулла Шәкеновтың, Қаукен Кенжетаевтың, Рахметхан Нұрбасаров пен Мейрам Асылғазиннің домбыралары ұсынылды. Шараға домбырашылық өнерді серік еткен Балтабай Сыздықов арнайы қатысып, ұлттық аспаптың тарихы мен мән-маңызына тоқталып өтті.

БАЛТАБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ДОМБЫРАШЫ

Қазақ халқының баға жетпес асыл құндылықтарының бірі – домбыра. Бұл сонау ықылым заманнан бері қазақпен бірге жасап келе жатқан

Көрмені 5512 әскери бөлімінің сарбаздары тамашалады. Сарбаздар өз кезегінде домбырада ойнап, аспаптың құдыретімен одан әрі таныса түстік дейді.

РАХАТ БАЙТІЛЕУ, 5519 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ

Осы музейде көптеген домбыра түрлері мен жергілікті күйші атамыздан көптеген мағлұматтар алдық. Қадыр мырза Әли айпақшы «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дейді. Бұл яғни, қазақтың үні, қазақтың жанып болып табылады.

Домбыраның құлағында ойнатйын жастардың қатары артып, ұлттық рухымыз асқақтай берсін.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК,ЕА