Шалдай орманшылығында қазір далалық жұмыстардың қызған кезі. Оның барысында ғылым, ақпарат және мониторинг тобы арнайы шаралар өткізеді. Оның барысы қалай жүргізіледі? Толығырақ тілші тарқатады.

Шалдай орманшылығында жерасты суларының деңгейін өлшеу мақсатында далалық жұмыстар өткізілді. Бұл деңгей табиғи-климаттық факторлармен қатар орман алқабының санитарлық жағдайының басты критерийлері болып табылады. 15 стационарлық ұңғымада жерасты сулары деңгейін өлшеу жұмыстары сәуір айынан бастап қараша айына дейін атқарылады.

АРМАН ЖҮНІСОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР

Ең алдымен бұл деңгей фотосинтездің бастапқы қозғалысына әсер етеді. Бір жыл бойы біз бұны саралап, жер асты суларының жалпы динамикасын көрсетеміз.

Сонымен қатар орманшылықтағы тұрақты сынақтар алдында қарағай ағаштарының жай-күйін анықтау үшін мониторинг жүргізіледі. Мұндай сынақ алаңдарының саны 20-дан асады. Ағаш түрлерін зерттеу үшін 200 ағаш алынады, оның әрқайсысына реттік нөмірі көрсетілген белгі бекітіледі.

АРМАН ЖҮНІСОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР

Жыл сайын осындай мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Оның барысында біз ағаштардың диаметрін, биіктігін, катерогиясын өлшейміз. Алынған мәліметтердің нәтижесінде табиғи резерваттың санитарлық жай-күйін көре аламыз.

Әрі резерватта өсімдіктердің сан алуан түрі бар. Мысалы, олардың 7 түрі Қызыл Кітапқа енген. Арнайы мамандар олардың түрлерін анықтап, түрлі зерттеулер жүргізеді екен.

ҚҰРМАНБЕК ЖҮНІСОВ, ҒЫЛЫМ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Осы резерватта өсімдіктің 236 түрі өседі. Осы арада өсетін өсімдіктер мия, спариш дейді. Енді 100 түрі бар осы квадратта. Осында істеген жылдары түрлі жаңа түрлерін тауып жатырмыз, соны зерттеудеміз.

Айта кетейік, қызметкерлер ормандағы жан-жануарларға да көңіл бөледі. Мәселен, 12 жабайы жануарлар, 50 құс мекендейді. Оларға арналып жасанды су мен азық-түлік қорымдарының орындары бар. Мұндай дүниелер орман жануарларының маңыздылығын еске салады дейді мамандар.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, ЗООЛОГ

Резерватта жануарлардың түрі көп. Олардың көбейіп, дамуы үшін арнайы жасалған 41 жасанды су арналары бар. Жауапты қызметкерлер мұны үнеміз тазалап, тиісті жұмыстарды атқарып отырады.

Ғылым, ақпарат және мониторинг тобының далалық жұмыстарды атқаруы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Айта кетейік, бұл аумаққа малдардың жаюлуына және бөгде адамдардың кіріп шығуына тыйым салынған.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНАН